Медициналық қызметтің деректеріне қарағанда, олардың арасында балалар өте көп. Дегенмен ешқайсысы да ауыр жарақат алмаған. Қаза тапқандар жайлы да ақпарат жоқ.
Оқыс оқиғаны көргендердің айтуынша, апат салдарынан бір пойыз рельстен шығып кеткен. Келеңсіз жағдайдың себеп-салдары әзірге анықтала қойған жоқ.