Екі пойыз соқтығысып, 80-ге жуық адам зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - ОАР-да екі пойыздың соқтығысуы салдарынан 80-ге жуық адам зардап шекті.

Сейсенбі күні төтенше жағдайларға жедел әрекет ету қызметінің хабарлауынша, келеңсіз жағдай Оңтүстік Африка елінің басты портты қаласы - Дурданда орын алған.

Оқыс оқиға болған жерде іздеу-құтқару жұмыстары жүруде.