Екі пойыз соқтығысып, он вагон жолдан шығып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бурятияда Заиграевск ауданында екі жүк пойызы соқтығысты. Олардың бірі жолдан шығып кеткен, көлік машинисті қаза тапты, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Машинист көмекшісіне медициналық көмек көрсетіліп, жақын жердегі емдеу мекемесіне жеткізілді. Екінші пойыздың локомотив бригадасының мүшелері зардап шеккен жоқ.

Оқиға Шабур стансасына кіре берістегі Тугнуйский разрезі жолының басында «Тугнуй-Челутай» өткелінен 40 шақырым жерде орын алды. Соқтығысу салдарынан тепловоз бен көмір тиелген 5 вагон және 10 бос вагон рельстен шығып кетті.

Алдын ала деректер бойынша, апатқа босаған вагондармен көмір разрезі жағына қозғалған пойыздың локомотив бригадасының мүшелері көмір тиелген вагондарымен қарсы келе жатқан пойызға жол бермеуі себеп болған. Теміржолдың 100 м зақымданды. Келтірілген шығын мөлшері анықталуда. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.