Екі ресейлік паралимпиадашы допинг пайдаланғаны үшін жарыстан шығарылды

АСТАНА. 9 қыркүйек. ҚазАқпарат - Лондондағы Паралимпиадағы қатысушы ресейлік спортшылар Вадим Ракитин мен Николай Марфин допинг пайдаланғаны үшін жарыстан шығарылды,

деп хабарлайды Интерфакс Ресейдің Паралимпиадалық комитетіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар Associated Press-тің хабарлауынша,  бұған дейін шектеу қойған препаратты пайдаланғаны үшін грузиялық паралимпиадашы Шота Омаришвили жарыстан шығарылған еді.

Ресейдің Ұлттық паралимпиадалық комитетінің мәлімдемесіне сәйкес, спортшылар өз  еріктерімен ғаламтор арқылы ақпарат алып, «Неотропин» дәрісін пайдаланған. Ал бұл жайында жаттықтырушыларға да, дәрігерлерге де, спорттық федерация басшыларына да ескертпеген.