Бұл туралы The Herald газеті жазды.
Еріктілер өрт сөндірушілер командасы командирінің орынбасары Дэвид Маккей екі мәрте от қойды деп айыпталды. алғашқысы 2013 жылы наурызда орын алып, 42 мың фунт (52,8 мың еуро) залал келтірген. Бірнеше күннен кейін ол Стронтиан маңындағы жас көшеттерді өртеген. Жалын 2 тәуліктен кейін ғана ауыздықталды.
Екі жағдайда да бұл азамат өз әріптестерімен бірге отты өшіріп, бұл күндері мемлекеттік мереке тойланғандықтан екі еселенген бір күндік жалақы алған.
Куәгерлер оны су жеткізетін ақ көлік арқылы таныған. Бұл жерде ол жарты айлық жалақыға жұмыс істеген. Бірнеше адам бұл машинаны от шыққан жерлердің маңында көрген. Көлікте орнатылған GPS-навигатор арқылы қылмыскердің кінәсі дәлелденді.