Сот ісіндегі материалда көрсетілгендей, биылғы жылдың шілде айында Иван Кальнов өз саяжайында құқық қорғау органдары іздестіріп жатқан сыбайласымен бірге болмашы нәрсе үшін екі қонақпен сөзге келіп қалады. Соңында оларды пышақтап өлтіреді.
Сондай-ақ, Кальнов биылғы жылдың наурыз айында шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған. Бұған дейін ол адам өлтіргені үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылған еді. ОҚО қылмыстық іс бойынша мамандандырылған ауданаралық соты Дәурен Мадалиев күдіктіні айыпты деп танып, мүлкін тәркілеп, 21 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар, судья оның iс-әрекеттерiнде қайталанған қылмыс бар деп танып, оның жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуді белгіледі.