Екі шетелдік журналист Өзбекстанның «Олтин калам» ұлттық жүлдесіне ие болды

ТАШКЕНТ. 5 мамыр. ҚазАқпарат - Өзбекстан астанасында журналистика саласындағы «Олтин калам» Ұлттық сыйлығы VII халықаралық байқауының жеңімпаздары мен лауреаттары жарияланды.

Ағымдағы жылы байқауға өздерінің шамамен 8,3 мың шығармашылық жұмыстарын ұсынған 470 журналист қатысты. Сыйлық қоры 189 миллион сумға жуық (1 АҚШ доллары - 1859 сум) болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 40 миллион сумға көп.

Байқау қорытындылары бойынша теледидар, радио, баспасөз БАҚ және ғаламтор-журналистикадағы үздік материалдар үшін негізгі және көтермелеу сыйлықтары тапсырылды. Бұдан басқа, Біріккен Ұлттар ұйымының дамыту бағдарламасы, Бүкіләлемдік банк, ЮНЕСКО, «Аймақтық диалог» сияқты бірқатар халықаралық өкілдіктер тілшілерді сондай-ақ арнайы сыйлықтармен марапаттады.

Шетелдік журналистер арасында Қытайдағы «Цзинцзи Жибао» газетінің Ташкенттегі тілшілік қосынының меңгерушісі Ли Чуйфа үздік деп танылды. Бұдан басқа, «Анадолу» ақпараттық агенттігінің меншікті тілшісі Бахтиёр Абдукаримов шетелдік БАҚ-да жарияланған Өзбекстан туралы материалдары үшін екінші орынға лайық деп танылды.