Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыс әкiмi Ерiк Сұлтанов еңбек ардагерлерiн құттықтай келе, олар үздiксiз еңбектерiнiң арқасында өңiрдi дамытуға үлкен үлес қосқандарын атап өттi.
Жерлестерiмiзге атақ беру шешiмi облыстық маслихаттың 5-шi сессиясының алтыншы шақырылымында қабылданған болатын.
Иван Иванович Қарағанды облысындағы Айнабұлақ астық ұжымшарының бөлiм агрономынан бастап, Булаев ауданының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметiне дейiнгi еңбек жолынан өттi. Сондай-ақ, 7 жылдан астам уақыт ол Солтүстiк Қазақстан облысының Еңбек және жұмыспен қамту комитетiн басқарды.
Қайырлы Едiресұлы өмiрiнiң елу жылын облысқа қызмет жасауға, әлеуметтiк-мәдени саланың өркендеуi үшiн аянбай еңбек етуге арнады. 17 жылдан астам Есiл ауыл шаруашылығы колледжiн басқарды. Содан соң, 8 жыл билiктiң жергiлiктi өкiлдiктi органының басшысы болды. Сондай-ақ, Қайырлы Едiресов Ресей Федерациясының шекаралас өңiрлерiнiң облыстық Думаларымен белсендi ынтымақтасып, сайлау органының статусын көтеру, депутаттық корпустың беделiн арттыру мәселелерiн тиiмдi шештi.
Өңiрiмiздiң белсендi тұрғындарының қуанышты жаңалығымен бөлiсуге туыс-туғандары, әрiптестерi, еңбек ардагерлерi келдi.