Тәжікстан соты осындай шешім қабылдады.
Айта кетейік, РФ азаматшасы Душанбе әуежайында ұсталған еді. Тексеру кезінде оның әмиянынан патшалық Ресей кезеңіне тиесілі екі тиындық монета табылған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері монета тарихи-мәдени құндылыққа ие деп шешкен. Татьяна Хужина сол жерде қамауға алынды.
Бастапқыда оған бес жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын.