Келіп түскен ақпарат бойынша, Шарм-эш-Шейхтен 50 шақырым қашықтықта 2 рейстік автобус соқтығысқан. Соққының күштілігінен көліктің бірі аударылып қалған. Қазіргі уақытта қаза тапқандардың денелерін көліктен шығару жұмыстары жүргізілуде. Мамандардың айтуынша, жапа шеккендердің саны артуы мүмкін.
Елдің денсаулық сақтау министрлігінен хабарлағандай, зардап шеккендердің арасында Украина азаматшасы, Сауд Арабиясының 2 тұрғыны мен йемендік болған. Олар Шарм-эш-Шейхтегі халықаралық госпитальге жеткізілді. Қаза тапқандардың арасында шетелдік азаматтардың болғаны не болмағаны әзірге белгісіз. Оқиға орнына 30 жедел жәрдем көлігі жіберілді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.