Екі жолаушылар пойызы соқтығысты

None
АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Кеше, Белград түбіндегі жерасты жолында екі жолаушылар пойызы соқтығысып қалды.

Бұл жайында сербиялық БАҚ-қа сілтеме жасап Утро.ру хабарлады.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен 6 жедел жәрдем көлігі жеткен. Қолда бар ақпараттарға қарағанда, вагондардың біріндегі жолаушылар қатты зардап шеккен көрінеді. Жол апатының шығу себептері анықталу үстінде. Қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ.