Екі жүк пойызы соқтығысты

АСТАНА. 19 мамыр. ҚазАқпарат - Сенбі күні Канададағы Альберта провинциясында екі жүк пойызы апатқа ұшырады.

Медисин-Хэт қаласындағы темір жол депосы маңында бір пойыз екіншісінің соңғы вагонын соққан. Екі локомотив және төрт вагон рельстен шығып кетті.

Интернет-БАҚ-тың Канаданың көліктегі қауіпсіздік кеңесіне сілтеме жасап хабарлауынша, апат салдарынан бір адам зардап шеккен. Ол ауруханаға жеткізілді.