Екі жүк вагоны рельстен шығып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Владимирский облысында Александров-1 стансасы ауданында екі бос жүк вагоны жолдан шығып кеткен. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады мәскеулік темір жол баспасөз қызметінен.

«Жүк пойызы арнайы қабылдау-жөнелту жолына тоқтаған, сондықтан бұл оқиғаның жолаушылар және қала маңына қатынайтын пойыздар қозғалысына әсері болған жоқ. Ешкім зардап шекпеген, қатар жолдың габариті бүлінбеген», - деп нақтылады баспасөз қызметінен.

Теміржолшылар атап өткендей, оқиға мәскеу уақыты бойынша сағат 12.20-да орын алған. Пойыз Бекасово стансасынан Ярославлға бара жатқан. Оқиға орнына шұғыл қалпына келтіру пойызы келді. Мәскеу темір жол мамандары оқиғаның мән-жайын анықтауда.