Бұл серия 2012 жылғы 3 қарашада басталып, 2014 жылғы 19 желтоқсанға дейін жалғасты. Матчтардың жалпы саны -56. Қорғаушы осыған орай Гиннестің рекордтар кітабынан арнайы сертификат алды.
Боатенг «Бавария» сапында 2011 жылдан бері өнер көрсетеді. Бұған дейін ол «Герта», «Гамбург» және «Манчестер Сити» командаларында ойнаған.
Джером Боатенг 2014 жылы Германия құрамасының сапында әлем чемпионы атанды.