07:57, 15 Маусым 2009
Екі жылдан кейін мұнай бағасы 100 доллар болады ? сарапшылар
ВАШИНГТОН. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат -Мұнай баррелінің бағасы 100 долларға 2011 жылы жетеді, деп санайды өз болжамдарын алға тартқан Goldman Sachs талдаушылары.
«Біздің сарапшыларымыз мұнай мен басқа да энергетикалық ресурстарға деген болжамдарын көтерді, бұл өз кезегінде энергетикалық және мұнай өңдеуші компаниялардың кірістерін арттырады», - деді Goldman Sachs компаниясының бас экономисті Эбби Джозеф Коэн ханым Barron`s журналының «дөңгелек үстел» отырысында. Экономист маманның айтуынша, шикізат ресурстарына деген әлемдік сұраныстың қалпына келуіне байланысты мұнай баррелінің бағасы 2010 жылы 90 долларға жетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.