"Былтырғы жылғы ауа райының қолайсыздығына қарамастан ауыл шаруашылындағы жалпы өнімнің өсуі байқалды. Ауыл шаруашылығындағы өсім 1 % болса, мал шаруашылығындағы өнімнің өсуі 4%-ға дейін жетті. Экспорт көлемі артып келе жатыр. Соңғы екі жылдың ішінде экспорт көлемі 50%-ға дейін артты деуге болады. Былтырдан бастап мал шаруашылығы өнімдерінің экспортын бастадық. 12 мың тоннадай мал шаруашылығы өнімінің экспорты жүзеге асты. Соның ішінде қызыл ет 7,5 мың тонна, ал сиыр еті 6,3 мың тоннаны құрады", - дейдi министр.
11:11, 06 Наурыз 2015
Екі жылдың ішінде экспорт көлемі 50%-ға дейін артты - А. Мамытбеков
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы екі жылдың ішінде экспорт көлемі 50%-ға дейін артты. Бұл туралы бүгiн ОКҚ брифингiнде ҚР Ауыл шаруашылық министрi Асылжан Мамытбеков мәлiм еттi.