Екібастұз ГРЭС-2 электр қуатын өндіріп шығаруды көбейтіп жатыр
Бұл 2010 жылмен салыстырғанда 8,8 пайызға көп болды, деп хабарлайды кәсіпорынның баспасөз қызметі.
«Бұл мол жұмыс тәжірибесі бар барлық энергетиктер ұжымының арқасы», - деп атап өтті АҚ басқармасының төрағасы Ғани Сәлімжуаров.
Бірінші электр қуатын алғанының 21 жылдығын атап өткен стансада негізді жабдықтауды ауыстыру бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі кезде жұмыс істеп жатқан екі энергоблокты жаңартуға өткен жылы 11,8 млрд. теңге бөлінсе, ОРУ-500 кВ кеңейтуге және қайта құруға және оның 1150 квВ «Екібастұздық» қосалқы стансасына қосылуы үшін 501 млн. теңге бөлінген. Бірінші энергоблок ағымдағы, екінші энергоблок күрделі жөндеуден өтті, отын-көліктік цехының жаңартылуы мен техникалық қайта жабдықталуы аяқталып жатыр, таспалы конвейері толық ұйымдастырылды, жарықтандыру жүйесі жаңартылып, сүргіш паркі ауыстырылды.
Осының барлығы стансаға электр қуатын тұрақты өндіріп шығаруға мүмкіндік берді.