Жуырда болашақ жұмыс істейтін орындарына әлеуетті емес ауылдардан қоныс аударған 110 отбасы коңыс тойын жасайтын болады. Қоңыс аударып келген азаматтар үшін салынып жатқан тұрғын үйге республикалық бюджеттен 385 млн. теңге бөлінген.
«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының Екібастұз және оның ауыл аймағы бойынша іске асырылуына ерекше көңіл бөлінеді. Кәсіби дайындыққа 570 жұмыссыз жіберілген. Олар мамандық алып, қаланың өндірістік мекемелеріне жұмысқа орналасатын болады.