Екібастұз қаласында жұмысшы 2 метр биіктіктен құлап, мерт болды

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Кеше сағат 20.00-де Павлодар облысының Екібастұз қаласында М. Жүсіп көшесінің бойында

салынып жатқан қонақ үй ғимаратында құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында «Оң жағалау» ЖШС-нің жұмысшысы 2 метр биіктіктен құлап кетіп, оқиға орнында көз жұмды.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланды.