Екібастұз қаласының әкімі жасөспірімдер қылмысының алдын алуда педагогтар мен полиция қызметкерлерінің күш-жігерін біріктіруді талап етті

None
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысы Екібастұз қаласында қала әкімі Нұрлан Нәбиевтің қатысуымен өткен кеңесте кәмелеттік жасқа толмағандардың арасындағы қылмыстың алдын алу мәселелері талқыланды,

деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметі.

Өткен жарты жылдық нәтижесі бойынша қаладағы ІІБ-не әртүрлі тәртіп бұзушылықпен кәмелеттік жасқа толмаған 362 бала әкелінген, бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жиырма есеге көп, дейді полиция қызметкерлері.

Кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі бөлімнің тізіміне қоғамға қарсы қылмысқа бейім 107 жасөспірім қойылған.

Балалар тәрбиесі бойынша міндеттерін атқармаған 34 ата-ана жауапкершілікке тартылып, оның жетеуі ата-ана құқығынан айырылды.

Нұрлан Нәбиев жасөспірімдер арасында ұстаздар мен учаскелік инспекторлардың күш-жігерін біріктіруді, кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі комиссияның қызметін жақсартуды тапсырды.