Екібастұз кеншілері көмір кенішінің 55 жылдығын атап өтті

None
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ.  Желтоқсанның  26-сы.  ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Екібастұздықтар   атаулы     күнді -  әлемдегі ең   ірі көмір кенішінің  игеріле бастағанының 55 жылдығын  атап      өтті,   

деп хабарлады қала әкімінің  баспасөз қызметінен.

Көміршілер мен  энергетиктер    қаласының  даңқын    ондаған  мың     адамның       ерен еңбегі мен  қайрат-жігері   асырды.   Кеншілерді мерейтойларымен құттықтаған   Павлодар облысының  әкімі  Бақытжан  Сағынтаев   көмір разрездерінің  үздік жұмысшыларын    марапаттады.

Бұл  мерекелік  кешке  қатысушылар   сонау   тарихи оқиғаны -   1954 жылы желтоқсанның  25-інде   Ертіс көмір разрезінің   экскаваторшысы   Николай Колотев     теміржол  құрамына алғашқы көмірді  тиеген  күнді еске алды.  Сол   жылы Екібастұз кеншілері  250 мың    тонна  жоспарды  400 мың тоннаға    орындаған  еді.

Екібастұз  көмірінің   үлесі  бүгінде  республикадағы  жалпы  өндірістің 65 пайызын құрайды.  «Богатырь Көмір»  және  «Восточный»   кеніштерінде   жаңа  технологиялар мен  заманауи техникалар  енгізіліп,  еңбек қауіпсіздігі  артуда, еңбекшілердің жалақысы  жақсаруда.