Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, төтенше жағдай 14 тамыз күні кешкі сағат 18:00 шамасында Екібастұз қаласы, Бауыржан Момышұлы көшесі, 35 мекенжайында орын алды. Ер адам балконның сыртына шығып, салбырап тұрғаны туралы хабар келіп түскен.
«Құтқарушылар өрмелеу құралдарының көмегімен бесінші қабаттың балконынан түсіп, ер адамның өз балконына кіруге көмектесті», - деді департаментте.
Ол полицияға тапсырылды.