Энергетикалық инфрақұрылымды дамыту мәселесіне тоқталған Президент «өткен бес жылда индустрияландыру бағларламасы аясында энергетикада үлкен жұмыстар атқарылды. Дегенмен де магистралды желілердің шектеулі болуы елдің оңтүстік өңірлерінде электр энергиясының, ал орталық және шығыс облыстарда табиғи газдың тапшылығын тудырады», - деді.
Осы орайда Елбасы екі бағытта жұмылып жұмыс істеу керектігін атап өтті.
«Екібастұз-Семей-Өскемен» және «Семей-Ақтоғай-Талдықорған-Алматы» бағыттарында жоғары вольтты желілерді салу керек. Бұл өз кезегінде қазақстандық электр стансаларымен еліміздің барлық өңірлерін теңгерімді энергиямен қамтамасыз етуді құруға мүмкіндік береді», - деп түйді Мемлекет басшысы.