Екібастұз студенттері полиция туралы видеороликтер түсірді

None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Екібастұзда студенттер арасында полиция қызметкерлерінің ерлігі жайындағы видеороликтер байқауы өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Полиция қызметіне арналған жұмыстармен қатар профилактикалық роликтер де, жастардың өзекті мәселелеріне назар аудартатын әлеуметтік видеороликтер де болды», - дейді Павлодар облыстың ішкі істер департаментіндегілер.

Өзгеше роликтер Екібастұз ІІБ-ның мәжілістер залында қойылды. Байқауға қала колледждерінің студенттері қатысты. Роликтерді іріктеген қазылар алқасының құрамында Екібастұз қаласы телевидениесінің редакторы Аман Жұмағұлов, «Семерка» газетінің редакторы Наталья Бектемірова және Екібастұз ІІБ бастығы Абай Жүсіповтер болды.

«Роликтердің жанрына шектеу қойылған жоқ - бастысы - тақырыптан ауытқымау. Олардың ұзақтығы бір минуттың төңірегінде болды», - дейді полиция қызметкерлері.

Бірінші орынды Екібастұз политехника колледжі жеңіп алды. Екінші орынды Екібастұз гуманитарлық-техникалық колледжі иеленсе, үшінші орын К. Пішембаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжіне бұйырды.