Екібастұз тұрғындары ШҚО-ға гуманитарлық көмек жинап жатыр

ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат - Екібастұздықтар су тасқынынан зардап шеккен ШҚО тұрғындарына гуманитарлық көмек жинап жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қалалық мешітте «Мейірім керуені» деп аталатын қайырымдылық акциясы басталды.

«Қала тұрғындары қолда бар дүниелерін әкеліп жатыр. Аягөздіктерге киім-кешек және қаржылай көмек ұсынылуда. «Жылу» жинауды ары қарай жалғастырамыз, барлық екібастұздықтардың шараға атсалысуын сұраймыз»,-дейді мешіттің баспасөз хатшысы Қайрат Елтінов.