Екібастұз ЖЭС-2-ге - 20 жыл!
Сол жердегі жұмысшылардың бірі Маргарита Бондарчук Екібастұзға 1987 жылы 23 ақпанда №42 комсомолдық жолдамамен келіпті. Бүкілодақтық құрылысқа қатысуға мұнда Маргарита Овчинникова, Ирина Шнейбергер, ерлі-зайыпты Кұмалақовтар, Құралай Мырзалиева, Тілеуғали Жанғұловалар сынды сол кездің жастары жиналды. Олардың бәрі құрылысшы мамандығынан энергетикке ауысты.
«Мені Шымкенттің аудандық комсомол ұйымының комитетіне шақырып, Бүкілодақтық құрылысқа баруға ұсыныс жасады. 700-ге жуық адамы бар эшелонды үрмелі аспаптар оркестрі қарсы алды. Құрылыс алаңында өмір қайнап тұрды, біз көп жұмыс істедік, ал кешке қарай би кештерін, байқаулар, жарыстар ұйымдастыратынбыз», - деп еске алады Батырхан Сатанов. ЖЭС-2-де жұмыс жасаған құрылысшылардың көбісі елдеріне қайтып оралды. Ал Екібастұзда қалған құрылысшы комсомолдар - бүгінде белгілі мамандар, стансаның Бүкілодақтық құрылыс тарихына енген құрметті азаматтары.