Жөндеу жұмыстары Екібастұз ЖЭО-ның екі қазандық агрегатында аяқталды: №7 (күрделі жөндеу) және №9 (ағымдағы жөндеу). №11, №14 және №15 қазандықтарының ескі жабдықтарын бөлшектеу толығымен атқарылды. №12 және №13 қазандықтарында бөлшектеу және ақаудың себебін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жылу магистральдарын реконструкциялау жұмыстары кестеге сәйкес уақтылы жүргізіліп келеді. Бүгінде мұнда 2 400 метрден астам құбыр орнатылған.
Өңір басшысы Асайын Байханов ЖЭО-дағы жөндеу науқанының барысын тексеріп, жұмыс қарқыны мен сапасын төмендетуге болмайтынын атап өтті. Өйткені, алдағы жылу беру маусымдарының сәтті өтуі барлық бағыттағы үйлесімді жұмысқа байланысты.