«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-дан мәлімдегендей, 24 сәуірден бастап қалада құбырлардың әлсіз учаскелерін анықтау үшін жылу желілерінің беріктігіне төрт күн бойы гидравликалық сынақтар жүргізілді.
«Нәтижесінде 269 зақым анықталды. Қазіргі уақытта 100-ден астамы қалпына келтірілді, осыған байланысты қаладағы 137 көпқабатты тұрғын үйге жылы су берілді. Жылы су жоспарлы түрде қосылады, 25 мамырға дейін тағы 220 көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындары алады», - делінген хабарламада.
Жылы судың берілу кестесі кәсіпорын Telegram-каналында жарияланған.
16:51, 14 Мамыр 2023
Екібастұзда 130-дан астам көпқабатты үйге жылы су берілді
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат – Бүгін Екібастұздағы 137 көпқабатты тұрғын үйге жылы су берілді. Бұл туралы «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС Telegram-каналы жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.