Қалалық «Еңбекпен қамту» бағдарламасына Екібастұз өңірінің полицейлері денсаулық сақтау, еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарымен және «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесіп қатысуда.
«Қайнар» ББК-да есепте тұрған 110 бала үшін салалық жасақтың қызметі, тамақтану мен жеке әлеуметтік-психологиялық бағдарлама ұйымдастырылды.
Демалыс кезінде қаланың кәсіпорындары мен шаруа қожалықтарында 1700 жеткіншек жұмыспен қамтылды. Мысалы мектеп бригадалары қолынан келетін жұмысты «Эмирэйт» ЖШС-да атқарады. Бригаданың әр мүшесі күніне 4 сағат жұмыс істеп, 25 мың теңге көлемінде айлық алады.
600-ден астам жасөспірім «еңбек жасақтарында» жұмыс істейді. Оны қалалық білім бөлімі ұйымдастырған.
Шағынаудандардың 14 аулалық клубында ойын және спорттық алаңдарда 2233 жеткіншек жұмылдырылды.
ІІД баспасөз қызметінде атап өткендей, ювеналдық полиция қызметкерлері «Қайнар» ББК өкілдерімен бірлесіп есепте тұрған балаларды спортпен айналысуға тартуда.