Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев осындай мәлімет айтты.
«Халықтың өмір сүру сапасын арттыру және жағдайын жақсарту мақсатында жалпы сомасы 84,9 млрд теңгеге тұрғын үй, инженерлік-коммуникациялық және жол инфрақұрылымын дамытуға бағытталған 37 іс-шара іске асырылатын болады.
Қалада 50 шақырым магистралдық және квартал ішіндегі жылу желілері салынады, сонымен қатар кейбірі қайта жаңартылады», - деген министр баспана мәселесін шешуге де қаражат бөлінетінін атады.
«Кешенді жоспар аясында 200 мың шаршы метр кредиттік және жалға берілетін тұрғын үй салу, сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысы үшін 370 учаске бөлу көзделген.
Қалада 104,7 км сумен жабдықтау және су бұру желілері, 32,5 км су құбыры желілері және 2 тазарту сорғы станциялары салынады және кейбірі қайта жаңартылатын болады», - деді Әсет Ерғалиев.