Аймақ басшысы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында тұрғындарға жаңа үйлердің кілтін табыстауға қуанышты екенін атап айтты. Сонымен қатар, өңір басшысы келер жылдағы тұрғын үй құрылысын дамыту жоспарларымен бөлісті. - Мемлекет басшысы бізге әр отбасының баспаналы болуын жүктеді, - деді Болат Бақауов. - Бұл міндетті барынша орындауға тырысудамыз. Өткен жылы 184 мың шаршы метр үй салынса, биыл көрсеткіш 210 мың шаршы метрге жетіп отыр. Келер жылы 300 мың шаршы метр тұрғын үй салуды жоспарлаудамыз".
Жаңа үйде көлемі 3,6 мың шаршы метрден асатын 36 бір бөлмелі, 20 екі бөлмелі және 16 үш бөлмелі пәтер бар. Құрылыс бағасы шамамен 560 миллион теңгені құрады. Тоғыз қабатты үйдің құрылысы ақпан айында басталып, қараша айында аяқталды.
12:25, 14 Желтоқсан 2017
Екібастұзда 72 пәтерлік жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Екібастұздық 72 отбасы жаңа үйдің тұрғындары атанды. Жаңа қонысқа ие болған жандарды Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов құттықтады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .