Екібастұзда ақындар айтысы өтті

ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат - Екібастұз қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, «Атамұра» мәдениет орталығы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз елім – тағдырым менің» атты телевизиялық аймақтық ақындар айтысын ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Карантиндік шектеулерге байланысты жыр додасы көрерменсіз өтті.
Қазылар алқасының шешімімен айтыстың Бас жүлдесін екібастұздық ақын Рауан Қайдаров қанжығасына байлады. 1-орынды Павлодар қаласынан келген Қуаныш Шарманов, 2-орынды Нұр-Сұлтан қаласынан келген Ерлан Аманқожа, 3-орынды Ақтоғай ауданының намысын қорғаған Абзал Қабдраш иеленді.
Сондай-ақ Тілек Сейітов, Нұрсұлтан Рымбай (Баянауыл ауданы), Бөкен Жігер (Успен ауданы), Сырым Нығызбаев (Қарағанды қаласы) алғыс хатқа ие болды.