«Алдымызда тұрған тағы бір мәселе – бұл пәтерлерді суық сумен қамтамасыз ету. 28 үйдің сегізінде біз су жүйелерін қалпына келтіру жұмыстарын аяқтадық. Енді басқа үйлер бойынша жұмыстар жалғасуда. Жұмыстар түнімен жүргізіледі», - деді Аян Бейсекин.
Сонымен қатар, 5а шағынауданда орналасқан бір жылу құбыры толық қатып қалған. Шахар басшысының айтуынша, оны қазып, орнына жаңасын салу жұмыстары көп уақытты қажет етеді. Сондықтан жедел штаб шешімімен жаңа құбырды жердің үстімен өткізу шешімі қабылданған.