Полиция қызметкерлері жеңіл көлікті тоқтатып, тексере келе, спирт құйылған 5 литрлік 9 пластик құтыны тәркілеген. Спирттік өнімнің қайдан алынғанын анықтау барысында жекеменшік аумақтағы үйлердің бірінен жасырын цех табылды.
Қазір ҚР Қылмыстық кодексі 214-бабының 1-тармағына сай заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Ол цехтың ішінен 3 мыңға жуық бөтелке алынды. Ол бөтелкелерде этикеткалар болған әртүрлі және 279 бөтелкеде акциз маркасы болмаған және полицейлер сол жерде осы ішімдікті заңсыз істеп және құю үшін әртүрлі бұйымды алған», - дейді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Баян Мағзұмова.