Жаңа туған сәбидің анасы Олеся Бунинаның айтуынша, салмағы ауыр баланың туатынын көптен күтіп жүргенмен, салмағы осынша болады деп ойламапты.
«Күйеуіміз екеуіміздің де бойымыз биік, бұған дейінгі қыздарым да денелі боп туды. Дәрігерлер маған балаң үлкен деп ескертті. Бірақ мұндай салмақты ешкім болжаған жоқ. Жүріп-тұруым қиын болды. Әкесінің де қуанышында шек жоқ, ал туыстарымыз аздап есеңгіреп қалғаны рас», - дейді Олеся Бунина.
Қазір Савелий мен анасын дәрігерлер үйіне жіберді. Перзентханадағылардың айтуынша, соңғы жылдары салмағы ауыр сәбилердің тууы жиілей бастаған.