«1 қыркүйек күні сағат 16:45-те Екібастұз ауруханасына жарақат алған 2020 жылы туған нәресте түсті. Полиция нәрестенің әкесімен бірге Солнечный ауылында қонақта болғанын анықтады. Әкесі ұялы телефонға қарап отырған кезде бала қараусыз қалған. Осы кезде бала балконға барып, терезеден қарап тұрған кезінде құлап кеткен», - деп мәлімдеді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Павлодар облысында осы жылдың басынан бері балалар терезеден немесе балконнан құлаған 10 оқиға тіркелген. Екі бала қайтыс болған.