Бұл туралы бүгін ІІМ-де өткен брифинг барысында ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.
Жедел-іздестіру және арнайы іс-шаралар кешенін өткізу барысында полиция қызметкерлері 30 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол еш жерде жұмыс істемейді.
«Екі ер кісі қала дүкендерінің бірінде сатушы болып істейтін әйел танысына келеді. Мас күйде болған күдікті сатушы әйелді екінші ер азаматтан қызғанып, жәбірленушіге пышақ жарақатын келтірді. Кеуде тұсына жарақат алған жәбірленуші қайтыс болды», - дейді ресми өкіл.
Қайтыс болған ер кісі 29 жастағы облыс тұрғыны. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.