4х8 метр көлемдегі көк туымыз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық құрметіне орай көкке көтерілді.
Салтанатты іс-шараға мәслихат депутаттары, қаланың құрметті азаматтары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен жастар қатысты.
Патриоттық тәрбие беретін жобаны жүзеге асырудағы көмегі үшін «Богарыть Көмір» ЖШС ұжымына алғыс айтқан шаһар басшысы Александр Вербняк: «Екібастұздықтар өз елін, оның жетістіктері мен мемлекеттік рәміздерін мақтан тұтады», - деп атап өтті.