«Бүгін сағат 15:40-та Екібастұз қаласында Королев көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің төртінші қабатында орналасқан балконнан ер адам құлап түсті. Ол көрші пәтердің балконы арқылы өз үйінің балконына кірмек болған», - деді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталмыш қайғылы оқиға бойынша сараптама тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.