Қалалық әкімдіктен мәлім еткендей, су қыстың күні қар қалың жиналған зираттың бөлігін басқан.
"Қазіргі уақытта «Горводоканал» мен «Тепловые сети» суды сору жұмыстарымен айналысуда. Үш бірлік техникасы 420 текше метрді шығарған. Зиратқа шығын келген жоқ", - деді Екібастұз қаласының әкімдігінде.
23:06, 12 Сәуір 2017
Екібастұзда ескі зират судың астында қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Екібастұз қаласында еріген қар суы ескі зираттың бір бөлігін басып кетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .