Екібастұзда фирма қызметкері өз мекемесінен 1 млн. теңгеден астам қаражатты жымқырмақ болған

None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Екібастұза 32 жастағы экспедитор полицияға дүкен маңында қолынан 1,2 млн. теңге ақша салынған сөмкесін жұлып әкеткені жайында шығымданған, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.

Қылмыстық іс қозғалып, тергеу, жедел іздестіру шаралары жүргізілді, ұрыны іздеуге ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы тартылды. Алайда мән-жайды анықтау барысында ұрлық туралы хабарлама ойдан шығарылғаны белгілі болды. Шағымданушының танысы ұсталды, тергеу барысында полицейлердің күдігі расталды. Кейіннен «жәбірленуші» қылмысын мойындады. Ер адамның айтуынша, өзінің материалдық жағдайын жақсарту үшін ол 1 млн. теңгеден астам көлемдегі сатылған тауардан түскен пайданы иеленбекші болған. Сол үшін танысын тартып, жалған ұрлықты жоспарлаған. Кешке кезекті дүкенге келген күдікті танысынан тауарды сатып, есебін алуын өтінеді. Өзі осы уақытта бауы қалып қою үшін тартып қалып, мойнынан сөмкені жұлып алады. Ақшаны пакетке салып, көлік сатқанын айтып, әйелі жұмсап қоймау үшін уақытша сақтай тұруын өтініп, танысына береді. ҚР ҚК-інің «Қылмыс жасағаны туралы жалған хабар беру» 351-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.