Екібастұзда ішінде 17 млн. теңгеден астам ақша болған көлікті айдап кетті
08:29, 20 Наурыз 2013
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 20 наурыз. ҚазАқпарат - Белгісіз екі адам Екібастұз қаласының Автобаза өтпе жолында «Ауди» көлігін айдап кетті.
ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, шетел көлігінің жүксалғышында жеке кәсіпкерліктің директорына тиесілі 17,7 млн. теңге ақша болған.
Қылмыстық іс қозғалды. Полиция шұғыл-іздестіру іс-шарасын өткізуде.