Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
«31 қаңтарда сағат 11:23-те № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің байланыс пунктіне Екібастұз қаласында Жамбыл көшесі, 12 үй мекенжайы бойынша жеке тұрған көлікжайда көліктің жанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақыру орнына бірден ауысымдағы кезекші топ жіберілді», - деді баспасөз қызметінде.
Оқиға орнында жеке меншік үйдің аумағындағы көлікжайда 1995 жылы шыққан Subaru маркалы автокөлігінің және сонда қойылған үй заттарының, тұрмыстық жиһаздың толығымен жанып кеткені анықталды.
№ 2 кезекші ауысымның жедел іс-қимылдарының арқасында 1 газ баллоны шығарылды. Өрт жақын маңдағы жеке тұрғын үйге таратылмай сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.