Екібастұзда мас адамның кесірінен алты балкон жанып кетті

Фото: None
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат - Екібастұзда мас адамның кесірінен алты балкон жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Өрт салдарынан 15адам эвакуацияланды. Оның төртеуі – бала. Оларды өрт сөндірушілер саты қойып сыртқашығарды.

Павлодар облысы ТЖДбаспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өрт туралы хабарлама 19 тамызда сағат08:54-те жеткен. Екібастұздағы екі бөлмелі пәтердегі өрт салдарынан көршіорналасқан алты балкон жанып кетті. Жалын 18 шаршы метрді шарпыды. Жанып жатқанпәтерге кіру үшін құтқарушылар темір есікті бұзып ашуға мәжбүр болды.

«Өрттің алдын алаанықталған себебі – темекі шегу кезінде абай болмау. Өрт сөндіруші ЖоламанБалғожинов газдан қорғау қызметімен бірге еденде жатқан пәтер иесін тапқан. Масадам ес-түссіз жатқан. 1954 жылғы зардап шегушінің денесінің 36 пайызын біріншіжәне екінші дәрежелі күйік шалған», делінген хабарламада.

Пәтер иесі қалалықаурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайын орташа депбағалайды. Өрт сөндірушілер жалынды сағат 10:20-да сөндірді. Оғани 16 қызметкержұмылдырылды. Екібастұз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай,өрттен зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету үшін арнайы комиссияқұрылды. Жақын арада олардың әрқайсысы 30 АЕК көлемінде өтемақы алады.


Соңғы жаңалықтар