«Президент Жолдауын іске асыра отырып, Екібастұз аймағында «Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде құны 1,8 млрд. теңге болатын іс-шаралар орындалды. Халықты еңбекпен қамту және жұмысыздықпен күрес проблемалары табысты шешіліп келеді, мектептердің, балабақшалардың, емханалардың және ауруханалардың жөндеу жұмыстары кестеге сай жүргізілуде», дейді Горный округы ішкі саясат бөлімінің бастығы Жаңылсын Хамитова.
Тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Лариса Векшинаның айтуынша, пайдалануға жарамсыз транзиттік желілер қалпына келтірілген, жертөлелердегі су құбырлары жөнделіп, ауыстырылған.