Шараға облыстың жоғары оқу орындарының ғалымдары, мемлекеттік органдар, мекемелер мен ұйымдардың тіл мамандары, қазақ тілі оқытушылары, аудармашылары мен іс жүргізушілері қатысты. - Жылдың соңына дейін Екібастұз қаласы, Баянауыл, Май және Павлодар аудандарынан 200 адамды қамту жоспарланып отыр, - дейді облыстық тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Дәулет Темірболат.
Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын шара былтыр Ақсу, Тереңкөл, Ертіс, Железин аудандарында өткен болатын. Семинардын мақсаты - тіл мамандары, аудармашылар мен іс жүргізушілердің біліктілігін арттыру, тілді меңгеру үлгілерін қалыптастыру.