«39 жастағы әйелдің тұрғылықты мекен-жайынан тіркелмеген мылтық табылды. Сот отырысында ол өз кінәсін мойындап, бұл қайтыс болған күйеуінің қаруы екенін түсіндірді», - деп хабарлады Екібастұз қалалық мамандандырылған әкімшілік сотынан.
Сот қаулысымен әйел айыпты деп танылып, оған 48 100 теңге көлемінде айыппұл салынды.
«Айғақ дәлел тәркіленіп, жойылды», - деп қосты соттан.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.