Облыстық ветеринария басқармасының хабарлауынша, паталогиялық материалдар арқылы тексеруден кейін жануарларға пастереллез деген диагноз қойылған. Айтуларынша аталмыш сырқаттың адамдарға қаупі жоқ.
- Қазіргі таңда ветеринарлық дәрігерлер сырқаттың себеп-салдарын анықтау мақсатында аталмыш ауылда күндіз-түні жұмыс істеуде. Мамандар ауырған малдардан симптоматикалық терапияны тексеруді бастады. Жалпы, қара малға жұғатын мұндай дерт бұған дейін облыста 2010 жылы тіркелген, - дейді басқарма мамандары.
Айта кетейік, Екібастұз қаласына қарасты Тай ауылында 200-ден астам ірі қыры мал бар. Ал, өлген 50 бас малдың 16-сы сол өңірдегі «Гриценко» шаруа қожалығына тиесілі.