Облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Айымгүл Ермулатованың айтуынша, пәтерді Юлия жетім ретінде алған, кейінірек оны жекешелендіру туралы шешім қабылдайды. Мамандар айтқан бағадан шошыған қыз Екібастұз прокуратурасынан көмек сұрады. «Заң бойынша, Юлияның санатындағы азаматтарға баспана мемлекеттік тұрғын үй қоры есебінен қолжетімді бағаға беріледі. Қыз пәтерді алған кездегі бағасының қалдық құны бойынша жекешелендіру құқығына ие. Алайда ТКШ бөлімі тұрғын үй алаңын нарықтық бағамен есептеген. Бұл іске қала прокуратурасының араласуына тура келді. ТКШ бөліміне құқық бұзушылықты жөнге келтіру туралы ұсыныс жіберілді», - деді А.Ермулатова.
Нәтижесінде, қала әкімдігінің қаулысына сәйкес, аталған сома 332 мың теңгеге дейін азайтылды. Айыпты заңдық тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.