Екібастұзда «Сенің «жемқорлыққа жол жоқ» дегенің маңызды!» атты акция аяқталды
10:23, 16 Маусым 2010
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - «Сенің «жемқорлыққа жол жоқ» дегенің маңызды!» атты республикалық акция Екібастұз қаласындағы дөңгелек үстел отырысымен аяқталды,
деп хабарлады қала әкімдігінен.
Прокуратура қызметкерлері құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, шенеуніктерге, нұротандықтарға және қоғам қызметкерлеріне мемлекеттік қызметкерлер тарапынан жемқорлыққа қатысты тәртіпбұзушылық пен қылмыстың жасалуына түрткі болатын мәселелер туралы айтты.
Екібастұз қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімнің бастығы Бақытбек Төлеубаев мемлекеттік қызметке жемқорлардың келуін тоқтатуға кадрлар резерві көмектесетіндігін атап өтті.